Жамбыл имамдарының мәжілісі өтті

Бүгін Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде қала және аудан бас имамдарының кезекті жиналысы өтті. 

Жиынды ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкіл имамы Қанат Жұмағұл жүргізді. Мәжілісте қасиетті рамазан айында атқарылған іс-шаралар сөз болып, жарты жылдық есеп тыңдалды. 

Сонымен қатар күн тәртібіндегі мәселелер қозғалып, жіті қадағаланды. Атап айтар болсақ, "Таблиғи жамағаттың" белсенді әрекеттеріне тосқауыл қою, олармен кешенді жұмыс жасау, "Таблиғи жамағаттың" зардаптары туралы мәліметтерді жаңалыққа беру, әлеуметтік желілерде тарату; Уақытында «Уақып» қорынан айлық алып келген, қазіргі уақытта қордың жұмысы тоқтатылуына байланысты айлықтарын ала алмай жүрген имамдарға өкілдік тарапынан 10 000 теңге көлемінде айлық жәрдем беру; Кез келген тапсырманың есебін уақытылы жіберу мәселесі; Медресеге, «Нұр-Мүбарак» университетіне талапкерлер жинау; Облыс аумағында қызмет ететін имам, молда және өзге де дін қызметкерлерінің сәлде-шапанын жаңарту және оны осы тапсырманы нақты қолға алу; Жазғы сауат ашу курсы жұмыстарының сапасын арттыру, т.б. 

Өкіл имам дін мамандарына қатаң талап қоя отырып, жұмысқа деген құлшыныстарын арттыратын сөздер сөйледі, сондай-ақ, нақты тапсырмалар жүктеді. 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін