Атырау: Бас имам аттестацияға дайындық мәселесін пысықтады

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі Батыржан Мансұров қалаға қарасты мешіт имамдарының басын қосты.

Орталық "Иманғали" мешітінде өткен алқалы жиында Бас мүфти Серікбай қажы Ораз тарапынан берілген тапсырмалар пысықталды. Соның ішінде, имамдардың қоғамдағы, жұмыс барысындағы қызмет көрсету этикасы, әдебі мәселесі кеңінен талқыланды.

"Сондай ақ, 22-23 маусым күндері облыс имамдары үшін біліктілікті арттыру семинары өтеді. 24-25 маусым күндері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдері арнайы сапармен Атырауға келіп, имамдарды аттестациялық сынақтан өткізеді. Осы мәселелерге байланысты, нақты тапсырмалар берілді. Бұдан бөлек, мешіттер жанындағы жазғы сауат ашу курсын жандандыру бойынша нақты міндеттер қойылды",- дейді Атырау облысының бас имамы Батыржан Мансұров.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін