Павлодар: Медресе түлектері диплом алды

Павлодар облысындағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресесі өзінің кезекті түлектерін ұясынан ұшырды.

Оқу жылы аяқталып, қорытынды сынақтан өткен шәкірттерге диплом берілді. Салтанатты рәсімде өкіл имам Жолдас Қоспақұлы білімнің маңызы мен оның жемісі жайлы тілге тиек етіп, жақсы маман болып қызмет қылуға сәттілік тіледі. Өкіл имам: «ХХІ ғасыр имамдарына артылар сенім мен жауапты жұмыстың маңызы өте зор. Құрметті түлектер, сіздерді елімізге, дәстүрлі дініміздің өркендеуіне аянбай еңбек етеді деп сенеміз. Болашақ имамдардан үш жылда жинаған білімді өзгелерге жеткізуде табанды болуларын талап етеміз»,-деді.

Медресенің 3 жылға жуық бағдарламасы бойынша білім алған 13 түлек Қарағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан облысы және Павлодар облыстарынан. Олар алдағы уақытта мешіттерде имамдық, ұстаздық қызметтер атқарады. Сонымен қатар биылғы түлектер арасынан үздік үлгеріммен бітірген Ышык Мұхаммеджұма Мысыр еліндегі «Әл-Әзхар» университетінде оқуға мүмкіндік алды. Медресе директоры Ислам Айдарұлы түлектердің алдағы өміріне әрқашан сәттілік, жұмыстарына табыс тіледі.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін