Тараз: Сертификатталған мекемелерге аудит жұмыстары жүргізілді

Жамбыл облысына арнайы келген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Бауыржан Әбдірашұлы, ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС директоры Ануар Елжанов, ҚМДБ «Халал Даму» ұйымының Жамбыл облысындағы өкілі Нұрматжан Миразизов және Жамбыл облыстық мешіт істері мен құжаттарды заңдастыру бөлімінің маманы Халид Хожахметов Жамбыл облысы, Тараз қаласы бойынша сертификатталған мекемелерге аудит жұмыстарын жүргізді.

Мамандар алдымен «Әулиеата құс» фабрикасын аралап, кезекті тексеру жұмыстарын жасады. Фабриканы аралау үшін арнайы форма киіп, қызметкерлердің жұмысын, тауық өнімінің шығарылуын бақылап, ішін аралады.

Сонымен қатар наиб мүфти мен ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС директоры облыстағы 10 шұжық шығаратын цехқа барып, жұмыс барысымен танысып, өндіріс басшысымен жүздесті. Қаладағы халал сертификатын алған дәмханаларға соғып, ас мәзірін қадағалады. Атап айтсақ, қаладағы халықтың ең көп баратын орны «Киш миш» мейрамханасында болып қайтты.

Тексеріс жүргізген мамандардың облыстағы халал өнімдерге көңілі толып, жоғары баға берді.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін