Маңғыстау: Балаға қуаныш сыйла

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылдық «Төлей ишан» мешітінің бас имамы Үсенов Ғабиттың ұйытқы болуымен маусымның 15 мен 19 аралығында сауат ашу курсының шәкірттеріне «Балаға қуаныш сыйла» атты көңілді шара ұйымдастырылды.

Шәкірттер қаланың әсем жерлерін аралап, Ақбота саябағында көңіл көтерді. Одан кейін бағдарламаға сәйкес шәкірттер теңізге шомылып, жағасында түрлі ойындар ойнап, жазғы демалыстарын есте қаларлықтай өткізді.

Игі шара соңында балалар «Ассалам» дәмханасында дәмді тамақтанып, ұстаздарына алғыстарын жеткізді. «Мақсатымыз- шәкірттерді оқудан жалықтырмай, арасында осындай шаралар арқылы көңілдерін аулау болатын. Мұндай мерекелік шараларды мешіт шәкірттері арасында жиі өткізіп тұратын боламыз»,- деді «Төлей ишан» мешітінің бас имамы Үсенов Ғабит.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін