Қостанайлық шәкірттер арасынан "Үздік хатым етуші" таңдалды

Өткен жылдың қараша айынан бастап Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде шәкірттер арасында Құранды толық оқу бойынша «Ең үздік хатым етуші» жарысы ұйымдастырылған еді.

Шәкірттерге шарты түсіндірілген соң қасиетті Құранды әр 10 күн сайын толық хатым ету дәстүрге айналған-ды. Мұнда 10 парадан алты, 5 парадан алты, 3 парадан 10 шәкірт қатысты.

Жарыста талапкерлер алға қарай ұмтылыс жасап, тынбай ізденіс танытты. Қасиетті Құранның мәні мен маңызын жете түсінді. Олар білім жағынан өздерінің жан сарайын байытып, еңбекқорлыққа дағдыланды.

Жарыстың қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынға – Нұржан Айтбай, екінші орынға – Ғабит Пірмағамбетов, үшінші орынға Темірбақ Шапатуллаев ие болды. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар мен сертификаттар табысталды.

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін