БҚО: діни бірлестіктердің кеңейтілген отырысы өтті

Жақында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғ.Оспанқұловтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестің кезекті отырысы өтті.

Кеңес отырысында облыстық орталық мешітінің бас имамы Еркебұлан Қарақұлов «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының діни экстремизм мен терроризмнің алдын алудағы рөлі», Қазақстандағы Православиелік Шіркеуінің Орал және Ақтөбе Епархиясы» аймақтық діни бірлестігінің игумені Сергей Капинос «Орал Епархиясының конфессияаралық байланысты нығайту, қоғамда радикалдық көріністерге мүлдем төзбеушілік ой-пікір қалыптастыру бойынша жұмысы туралы», Орал қаласының әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов «Орал қаласында дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жағдайы туралы», Бәйтерек ауданы әкімінің міндетін атқарушы М. Залмұқанов «Бәйтерек ауданында дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жағдайы туралы» жайында баяндамалар оқылды.

Облыс әкімінің орынбасары Ғ.Оспанқұлов азаматтардың жат діни ағымдарға қарсы иммунитетін қалыптастыруда әлеуметтік желілерді қарсы белсенді пайдалану қажетігін баса айтты. Отырыс соңында Кеңес төрағасы көтерілген мәселелер бойынша тиісті шара қабылдау жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Отырысқа Кеңестің тұрақты мүшелері, мемлекеттік құрылымдардың, құқық қорғау органдарының, қоғамдық және діни бірлестіктердің басшылары, БАҚ-ның өкілдері қатысты.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін