Маңғыстау: Имамдар аттестациядан өтті

Кеше Маңғыстау облыстық орталық мешітінде облыс бойынша барлық мешіттен 94 дін қызметкері (имамдар, молдалар мен ұстаздар) жаппай аттестациядан өтті.

Сараптаудың бірінші кезеңінде мешіт қызметкерлері ақида, фиқһ және әкімшілік жүйе (заң) бойынша электронды түрде тест тапсырса, екінші кезеңде қырағат, тәжуид, ислам тарихы, тұғырнама және тұжырымдама бойынша ауызша емтихан тапсырды.

Аттестацияға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Алау Әділбаев төрағалық етті. Сондай ақ, сынақ комиссия құрамында ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Шоқанов, Дін істері жəне талдау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет және Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков бағалады.

Сараптау комиссиясының төрағасы: «Атестацияның негізгі мақсаты имамдардың білім деңгейін анықтап, діни біліктілігін арттыру. Қажет жағдайда қайта даярлаудан өткізу»,- деді. 


 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін