Алматы облысы: «Мәйітті кебіндеуді бірізділікке түсіру» атты семинар өтті

Жақында Алматы облысы, Жамбыл аудандық «Шынасыл» мешітінің ұйымдастыруымен « Мәйітті кебіндеуді бірізділікке түсіру» атты танымдық семинар болып өтті. Өтіп жатқан діни шараға ел ақсақалдары мен аудан имамдары, құрметті қонақтар мен тілшілер қонақ ретінде шақырылды. Семинарға арнайы қатысқан ҚМДБ-ның Алматы өңірі бойынша өкіл имамы Қуаныш Наржанов мәйітті кебіндеуді бірізділікке түсіру уақытты үнемдеп, бір тәртіпке келтіріп, ысыраптың алдын алуға септігін тигізеді деген пікіріне ауыл ақсақалдары қолдау білдіріп, баталарын берді.

Жиналғандарға аудан имамының өзі бас болып, мәйітті жуындыру мен кебіндеуді маникенді пайдалана отырып, бүге-шігесіне дейін түсіндірді. Ол үшін «Кебін» деген атауды иемденген Қазастан мұсылмандары діни басқармасының тексеруінен өткен мәйітті жуындыру мен кебіндеуге арналған құрал-жабдықтар жиынтығы алғаш рет пайдаланылды. Мұнда мәйітті жуу мен кебіндеуге байланысты барлық қажетті заттар бар. Тіпті аяққа киетін бахила, 4 адамға арналған қолғап пен алжапқышты жиынтық заттардың қатарына қосқан.

«Өйткені, біздің халқымыз сүйекке 4 жақын-жуығын кіргізеді. Ал, бахила, қолғап пен алжапқыш мәйіт суының жуушылардың денесіне тиіп кетуінен сақтану үшін қосылды», –деп түсіндірді Қалжан Әріпжанұлы.

Жиын соңында жиналғандар мен қонақтарға арнайы дастархан жайылып, ас берілді.

© 2009-2020, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін