Павлодар: Арыстағы ағайындарға «Кереку көмегі» қайырымдылық науқаны жүруде

Арыс қаласында болған төтенше жағдайдан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету мақсатында Павлодар облысына қарасты  мешіттерде «Арыс, біз біргеміз!» республикалық науқаны арқылы «Кереку көмегі» атты қайырымдылық шаралары жүргізілуде. Соның бірі қасиетті жұма күніне орай барлық қала, аудан мешіттері ұйымдастырып жатқан «Қайырымдылық жәрмеңкесі». Жәрмеңкеден түскен таза пайда Арыстағы ағайындарға көмекке жіберіледі.

Сонымен қатар, «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің ұйымдастыруымен қаржылай көмек көрсетем деушілерге Каспигольд арқылы ашылған «Кереку көмегі» есепшоты да көрсетілген. Бірнеше күннен бері жалғасқан науқан бүгін аяқталып, түскен қаржы Арысқа жолданады.

«Павлодар жұртшылығы Арыстағы ағайынға Алладан жеңілдік пен сабыр тілей отырып, көңіл білдіреміз. Алла Тағала ел-жұртымызды түрлі апаттардан сақтап, тыныштығынан айырмасын!»,-дейді өкіл имам Жолдас Қоспақұлы.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін