НАИБ МҮФТИ АРЫСТА

Бүгін ҚМДБ Төрағасының бірінші орынбасары Наурызбай Тағанұлы Арыс қаласына арнайы келді. Алдымен жарылыстан зардап шеккен мешіттердің жай-күйімен танысты. Эпицентр маңайындағы тұрғындардың хал-жайын сұрасты.

Бүгін ҚМДБ мен аймақтық өкілдіктерінің ұйытқы болуымен жұртшылықтың жиып-теріп, тиеп жіберген бес керуені Арысқа жетті. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Маңғыстау, Атырау облыстарының азық-түлік, керек-жарақтары Арыс қаласының қабылдау базасына түсірілді. Барлық аманат Наурызбай Тағанұлының бақылауымен табысталды. Арыстықтар алғыстарын білдіруде.

Төраға орынбасары "Бекзат ата" мешітінде жергілікті мешіт қызметкерлерімен кішігірім кеңес өткізді. Бесін намазын жамағатпен бірге оқып, сабырлықтың сауабы жайлы насихат айтты. Апаттан зардап шеккен имамдардың отбасыларын зиярат етті.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін