Е. Оңғаров Ақмола облысында кездесулер өткізді

Жақында Ақмола облысында ҚМДБ-ның өкілі исламтанушы Ершат Оңғаров тағылымды кездесулер өткізді. Алдымен облыстағы түзету мекемелерін аралап, ондағы жазасын өтеушілермен әңгімелесті. Жат ағымның зиянды жақтары жайлы терең әңгіме қозғады.
Мұндай кездесулер Көкшетау қаласындағы мешіт жамағаттарымен де болды. Қаузаған тақырыбы — дәстүрлі діни құндылықтар және жат ағыммен күрес мәселесі.

Ол "Науан xазірет" мешітінде облыстың мешіт қызметкерлерімен сұxбаттасып, имамдардың діни тұлғасы және жеке мінез-құлқы мәселесін кеңінен қозғады. Артынан аудан, қала имамдарымен кездесу болып өтті. Бұл басқосуға Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ғалым Шойкин қатысып, имамдармен пікір алмасты. Мемлекет пен дін, яғни зайырлы қоғам жайлы ойлар ортаға салынды.


Ершат Оңғаров жұма намазына қатысып, жамағатқа арнасы терең уағыз айтты.

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін