Сансызбай Шоқанов атыраулық жастармен жүздесті

Атырауға жұмыс сапары аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Шоқанов орталық "Иманғали" мешітінде "Иман жастары" еріктілерімен кездесті.

Кездесу барысында ұстаз Сансызбай Шоқанов "Аят әл-Күрсидің" қасиеті туралы айтып өтті.

"Қасиетті Құран Кәрімде "Аят әл - Күрсидің" алар орны ерекше. Пайғамбарымыз: "Әрбір парыз намазынан кейін "Аят әл-Күрсиді" оқыған адамды жұмақтан тек өлім ғана бөліп тұрады" - деген.  Сондай-ақ, "Аят әл-Күрси" оқылған үйден шайтан қашады. Бұл аятта Алланың 17 көркем есімі қамтылған. Онда 55 сөз бар, оның әрқайсысында 55 жақсылықтан бар деген",- деді С. Шоқанов.  


© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін