Нұр-Сұлтан: «Кел, балалар, оқылық» атты білім сайысы өтті (ФОТО+ВИДЕО)

«Нұр Астана» мешітінде «Имани жаз» сауат ашу курсына қатысушылардың алған ілімін сыннан өткізу және қорытындылау мақсатында дәстүрлі «Кел, балалар, оқылық» атты білім сайысы өтті, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Биыл білім сайысына әр топтан ең мықты деген 5 ұл мен 5 қыз іріктеліп өтті. Әділқазылар алқасы қатысушыларды «Таныстыру», «Құран оқу және тәжуид», «Үй тапсырмасы» айналымдары бойынша бағалап, үздік шыққан 6 шәкіртті келесі турға өткізді. 6 шәкірт «Дода» айналымында ұяшықтарда жасырылған сұрақтарға жауап беру арқылы діни білімге қаншалықты жетік екендерін көрсетті. Жинаған ұпай сандарына қарай 3 қатысушы ақтық бөлімге өтті.

Олар «Жүзден жүйрік» және «Мыңнан тұлпар» айналымдарында «Дін мен Дәстүр» кітабының 2 томы бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, өздерінің алғырлықтарын көрсете білді. Сонымен сайыс нәтижесінде жүлделі І орынды Т. Нұрдәулет иеленді. Оған алғыс хаты және велосипед табысталды. Ал ІІ және ІІІ орынды иеленген З. Нұрай мен З. Берікқызына самокат сыйлығы табысталды.

«Кел, балалар, оқылық» атты білім сайысының соңы «Имани жаз – 2019» курсының жабылу рәсіміне ұласты.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін