Талдықорған: "Ел үлесі - пәтерге" жобасы 96-шы үйдің кілтін табыс етті

Маусым айының соңғы жексенбісінде Талдықорғандық жас кәсіпкер Аслан бауырымыздың демеушілігімен бір отбасы үйлі болды. ҚМДБ "Зекет" қорының "Ел үлесі - пәтерге" жобасы аясындағы 96-шы баспананың кілті Талдықорған өңіріндегі Кербұлақ ауданы, Нұрым ауылындағы Көкебасова Гүлмира Сыдыққызына табыс етілді. 

Гүлмираның жолдасы қайтыс болған, үш баланың анасы. Тағы бір ананың үйлі болуына себепкер болған Кербұлақ ауданының бас имамы Қанат Маратұлына, ауыл имамдарына және игі шараның басына жиналған ауыл тұрғындарына алғыс айтамыз.

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін