Сыр жамағаты Арыспен бірге

ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қорының Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен тосыннан болған апат салдарынан зардап шеккен Арыс халқына қолдау білдіру мақсатында «Сыр елі Арыспен бірге» қайырымдылық акциясы өтті.

Діни басқармаға қарасты Сыр өңіріндегі мешіттер қызметкерлерінің үндеуіне үлес қосып, бірлік таныта білген Қызылордалық жамағаттың аманатын ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қорының Қызылорда облысы бойынша өкілі О.Жидебаев және облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамы Р.Ешмахан Арыстықтарға табыстап, тілеулес бауырларының сәлемін жеткізді.

Сонымен қатар, Бас мүфти Серікбай Сатыбалдыұлының тапсырмасымен бастау алған акция аясында облыстағы мешіт қызметкерлері бір күндік жалақыларын Арыс халқына көмек ретінде аударды.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін