Нұр-Мүбарак университетінде жазғы қыздар курсы түлектеріне сертификат берілді

Нұр-Мүбарак университетінде оқу жылы аяқталғанымен, білімін жалғастырып жатқан студенттер тобы бар. Бұл оқу жылы аяқталса да қосымша білімдерін жетілдіруді қалаған шәкірттер. Университетте жазғы маусымда араб тілі, фиқһ, Пайғамбар сирасы т.б. пәндерден қосымша дәрістер ұйымдастырылды. Жыл сайын дәстүрлі мұндай дәрістер бүкіл оқу жылы барысында да өтеді. Себебі бұлардың барлығы студенттердің мамандығына сай оқу бағдарламасынан бөлек тереңірек меңгеруіне жасалған қосымша мүмкіндіктер.
Қыз-келіншектерге арналған жазғы курсқа әл-Азһар университетінің түлектері, Нұр-Мүбарак университетінің магистранттары Айгерім Калкаева, Гүлвира Заурбековалар бір ай бойы дін негіздері, хадис, араб тілі, Пайғамбар өмірі жайлы дәрістер берді.

Ал дәрістен тыс уақытта өзара асхана құпияларымен бөлісіп, берекелі дастархан әзірлеудің қыр-сырымен тәжірибе алмасып, табиғат аясына шығып спорттық сайыстар ұйымдастырып, әрбір уақытты өте сәтті пайдаланды.

Курс соңында әрбір қатысушыға сертификат табыс етіліп, ұстаздар шәкірттерге сәттілік тіледі.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін