Ақтөбе: Қажылық қарсаңында дайындық дәрістері өтеді

Алдағы тамыз айының 8-14 аралығында мұсылман үмметіне бұйырылған бес парыздың бірі – қажылық маусымы басталады. 

Осыған орай, биылғы қажылық маусымының қарсаңында, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Ақтөбе өңірінен қажылық сапарына аттанатын жерлестеріміз үшін арнайы дайындық дәрістері ұйымдастырылып отыр.

Қажылыққа баратын ақтөбеліктерге арналған дайындық дәрістерінде қасиетті сапар жайында мол мағлұмат беріліп, оны мейлінше сауапты өткеру жолдары жан-жақты түсіндірілетін болады.

Дәріс сабақтарының уақыты:

Шілде айының 22, 23 және 24 күндері. Жергілікті уақытпен сағат: 10:00.

Байланыс телефоны: + 7 702 912 5691

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін