Суицид бойынша Қазақстан Орта Азияда "көш бастап тұр"

Орта Азиядағы суицид көрсеткіші жаһандық көрсеткіштен асып кеткен. Соның ішінде Қазақстандағы суицид көрсеткіші Орта Азия елдерінің арасында ең жоғары болып тұр. Яғни, жүз мың адамға шаққанда өз-өзіне қол жұмсау бойынша 48,1 оқиғасы тіркеледі екен. Бұл жайында «CA-news» ақпарат көзі Орта Азия университетінің бұл бағыттағы зерттеу нәтижесіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. 

Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, Қазақстанда, яғни, елімізде 100 мың адамға шаққанда өз-өзіне қол жұмсау бойынша 48,1 оқиғасы тіркеліп отыр:

Екінші орыннан көрінген Түркменияда 100 мың адамға шаққанда бұл көрсеткіш 15,8-ді құрап отыр: Үшінші орынға Өзбекстан жайғасқан - 13,6; Төртінші орында Қырғызстан - 13,4; Орта Азия бойынша ең төменгі көрсеткіш Тәжікстанда тіркелген - 7,2.

© 2009-2019, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін