Тараз: Қажылыққа баратындар үшін семинар өтуде

Жамбыл облысының орталық "Һибатулла Тарази" мешітінде қажылыққа аттанатын Жамбыл облысының жұртшылығына "Қажылық" семинары жүргізілуде. 

Екі күнге созылатын семинарда Жамбыл облысындағы Қажылық бөлімінің өкілі Ержан Аманбаев дәріс беруде. Аталған жиында қажылықтың парыздары, қажылық рәсімі қалай атқарылады, құрбандық шалу, тауап ету, Арафат тауы, мина жазықтығы сынды барлық амалдары түсіндірілуде. Семинарда арнайы бейнежазбалар көрсетіліп, сұрақтарға жауаптар берілуде. Ихрамды кию, шаш алдыру сияқты шариғи дүниелер жайында аят-хадистер келтіріліп, мәліметтер берілуде.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайтына қосымша арнайы қажылық  сайты да ашылған болатын. haj.muftyat.kz сайтына Жамбыл облысының діни ресми сайты asyldin.kz арқылы да өтуге болады. Сайтта баннер арқылы үлкен сілтеме берілген. Семинарда порталды пайдаланып, тиісті мағұматтарды алу жолдары да түсіндірілді.

Айта кету керек, Қазақстан бойынша қажылыққа 19 компания тасымалдайтын болады.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін