Қызылорда: Жастар білім сайысына қатысты

Қызылордада «Дәстүрлі дінім – діңгегім, салт-дәстүрім – тірегім» атты мешіт жамағаты арасында интеллектуалдық сайыс өткізілді.

«Жастар жылының» құрметіне орай ұйымдастырылған шараның мақсаты - жамағат арасында байланыс орнатып, бірлікке шақыру.

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткен жарысқа 15-25 жас аралығындағы қала мешіттерінің шәкірттері қатысып, 7 топқа жасақталды. Интелектуалды ойын талабы бойынша жастар 3 кезең бойынша ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар жөніндегі білімдерін ортаға салды.

Мешіт имамдары А.Жұбанов, М.Үркімбаев, «Қорқыт ата» атындағы ҚМУ университетінің оқытушы профессоры төрелік еткен білім сайысында «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешіті құрамасы І-орын иеленіп жеңімпаз атанса, «Мүсірәлі ата» мешіті жамағаты ІІ-орынды, Қарауылтөбе ауылдық округі мешітінің шәкірттері ІІІ-орынды қанжығаларына байлап, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін