Түймелі телефондарға WhatsApp мессенджері орнатылды

KaiOS қарапайым телефондарға арналған операциялық жүйені әзірлеушілер арзан телефондарға мессенджер орнату үшін WhatsApp-пен ынтымақтастық туралы мәлімдеді.

Қазіргі таңда WhatsApp KaiStore фирмалық дүкеніндегі 256 МБ-тан астам жедел жады бар KaiOS телефондарында орнатылған. Қазіргі уақытта нарықта 100 миллионнан астам KaiOS телефоны бар, олардың ішіндегі ең танымал модель — «банан» Nokia 8110.

Басқа да компаниялар 2019 жылдың үшінші тоқсанынан бастап WhatsApp мессенджері KaiOS телефондарына алдын ала орнатылатынын хабарлады.

© 2009-2019, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін