БҚО: Жәнібек ауданында сауат ашу курсы жандануда

Жәнібек аудандық мұсылмандар мешіті жанындағы діни сауат ашу орталығында қыз-келіншектердің діни сауатын арттыру мақсатында арнайы курс ұйымдастырылды.

Курста Құран оқып үйрену, ақида және Пайғамбар өмірбаяны туралы дәрістер берілді.

Дәрісті Нұр-Мүбарак ислам университетінің ІІІ курс студенті Айсәуле Асыланбекқызы оқыды. Болашақ маман Айсәуле алған білімін шыңдап, шәкірттермен тез тіл табысып, көптеген рухани шаралар өткізді. Курс соңында діни сауатын арттырған шәкірттерге сертификат берілді.

Аудандық мешітінің бас имамы Есенболат Абдуғалиев шәкірттерге білім үйреткен Айсәуле Асыланбекқызын «Алғыс» хатпен марапаттап, шексіз ризашылығын айтып, білімді болып, елге жақсы маман болып оралуын тіледі.

 

 

© 2009-2019, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін