НАИБ МҮФТИ «САРЫАҒАШ МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН  ТАНЫСТЫ (ФОТО)

Сарыағаш іссапары аясында ҚМДБ төраға орынбасары, Наиб мүфти Бауыржан қажы Есмахан, ҚМДБ-ның мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Жәнділлә қажы Мамытханұлы, өкіл имам Бақтыбай қажы Бейсенбаев «Сарыағаш медресе-колледжінің» ұстаздарымен және шәкірттерімен кездесті.

«Сарыағаш медресе-колледжінің» директоры А.Сманов мәртебелі қонақтарды медресе-колледждің ерлер және қыздар бөлімінің тыныс-тіршілігімен  таныстырды.

Діни басқарма өкілдері медресе-колледждің оқу сыныптары мен шәкірттердің асханасын,  жатақханасын аралап көрді. Сонымен қатар медресе-колледж аумағында жаңадан салынып жатқан үлкен мешіт құрылысымен танысты.

Шәкірттермен сұхбат құрып, медресе-колледждің тыныс-тіршілігімен танысқан Наиб мүфти Бауыржан Есмахан «Сарыағаш медресе-колледжінің» жұмысына оң бағасын берді.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін