Он отбасыға жәрдем берілді

Бүгін «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің «Сен де үлес қос!» қайырымдылық акциясының аясында жағдайы төмен 10 отбасыға көмек көрсетілді. Теңдей үлестірілген азық-түлік пакеттерінің әрқайсысына 3,5 кг ет, 2 кг ұн, 1 кг макарон, 2 кг қызылша, 2 кг сәбіз және 2 кг пияз салынды. Барлығы 125 кг азық-түлік берілді.

Жәрдем алған жанұялар қатарында көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар да бар. Олар барымен бөлісіп, жәрдемін жеткізуге асыққан мешіт ұжымына шынайы алғыстарын білдірді. Ал осынау игі істің қарымтасын күтпестен жақсылық жасағандар Алланың құзырында мақтаулы болмақ. Себебі Құранда бұл туралы:

«Шүбәсіз, Біз адамның түрін қашырып, қабағына кірбің түсіретін алапатты күн туғанда Раббымыздың жазасына ұшыраудан қорқамыз»,– дейді. Алла оларды сол күннің кесапатынан сақтайды һәм де оларды жүздері бал-бұл жанған, шат-шадыман күйде қабылдайды», - деп айтылған.

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін