Бас имам «Нұр» мешітінің жамағатымен кездесті

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, Болатбек Ұласқанұлы қалалық «Нұр» мешітінің жамағатымен кездесті.

Мешіттің тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында арнайы ат басын бұрған Бас имам ақшам және құптан намаздарын жамағатпен бірге оқып, мешіт жамағатына арнайы жайылған дастарқан басында қасиетті Құран Кәрімнің:

«Расында, мүміндер – бір-біріне бауыр. Ендеше, бауырларыңның арасын жарастырыңдар, сондай-ақ Алладан қорқыңдар! Міне, сонда Оның рахымына бөленесіңдер!»,- деген аяттарын тілге тиек  ете отырып,

«Исламдағы ауызбіршілік пен бауырмашылдық» турасында уағыз айтты.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін