Үндеуге үн қосылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша  өкілдігі мешіт жанындағы ақылдастар алқасы мен облыстық ардагерлер кеңесі төралқасының кеңейтілген мәжілісіне қатысушылардың «Ұлттық салт-дәстүрлер мен діни рәсімдердің сабақтастығын бірізділікке бағыттау мәселерлері» бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының халқына арналған үндеуіне орай, бүгін Арыс қаласы орталық «Ысқақ» мешітінде қала, ауыл имамдары мен ақылдастар алқасы мүшелерінің қатысуымен кездесу өтті.

Кездесуде бас имам А.Абдукамал 2018 жылғы 24 ақпан күні қабылданған үндеуге тоқталып өтті. Ақсақалдар үндеуді тыңдағаннан кейін өз ой-пікір, ұсыныстарын ортаға салып үндеуді қолдап, имамдармен бірлесіп жұмыс атқаратын ниеттерін жеткізді. Сонымен қатар, үндеу қала, ауыл имамдарына таратылып берілді.

  

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін