МИНИСТР «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ БАС МҮФТИМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

Бүгін ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітіне келді. Еліміздің Бас мешітіне арнайы сапармен келген министр мырза Орталық Азияда теңдесі жоқ алып құлшылық ордасының тыныс-тіршілігімен танысты.

Алып мешітті аралап, жағдайды көзімен көріп, көңілге түйіп қайтуды жөн санаған Нұрлан Ермекбаевты ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы мен қос наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы және «Нұр Астана» мешітінің Бас имамы Наурызбай Тағанұлы бастаған топ қарсы алып, түрлі мәліметтермен бөлісті.

Сапар барысында министр мырза «Әзірет Сұлтан» мешітінің ресми порталы Muslim.kz сайты мен ҚМДБ-ға қарасты «Хикмет» телерадиостудиясының жұмыстарымен де танысып шықты. Студия өнімдерін өз көзімен тамашалаған министр мырза діни ағарту саласында жемісті еңбек жатқан ұжымға оң бағасын білдірді. Дін істері министрінің жұмыстық сапарының соңы ҚМДБ-ның басшыларымен өткен отырысқа ұласты. Отырыс барысында еліміздегі діни жағдай жайы сөз қозғалып, көптеген мәселелердің түйіні тарқатылды.

© 2009-2017, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін