HALALDAMU.KZ САЙТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның Halaldamu.kz сайты іске қосылды. Бұл туралы бүгін Алматы қаласында өткен халал өнімдерінің жәрмеңкесі кезінде белгілі болды.

Сайтта Қазақстандағы халалға байланысты жаңалықтар, мақалалар, пәтуалар және халал сертификатын алған кәсіпорындардың тізімі бар. Сондай-ақ сайттан, халал сертификатын алған мекемелер жайлы толық ақпаратты алып және интерактивты картадан олардың орналасқан жерлері мен байланыс телефондарын қарай аласыздар.

ҚМДБ халал стандарттау бөлімінің мамандарының айтуынша бұл сайт халал өнімдерге деген сұраныстың күн санап артуына орай атқарылып жатқан жұмыстарды халыққа көрсету, ақпараттық технология заманында халықпен тығыз қарым-қатынаста болу үшін жасалып отыр.

Сілтеме: http://halaldamu.kz

© 2009-2017, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін