Өкіл имам әйел шәкірттерге уағыз айтты

Облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің әйелдер-қыздар секторының ұйымдастыруымен өкіл имам Бертымұратов Жолдас мешіттің діни сауат ашу курсындағы шәкірттерімен кездесті. Өкіл имам діни білімді мешіттен алудың артықшылығы туралы айта келіп, бүгінде ҚМДБ-ның ұстанып отырған «Өзгеруді өзіңнен баста!»  ұранын түсіндірді.

«Қайбір қауым өзін-өзі өзгертпейінше Алла оны өзгертпейді»,-дейді қасиетті Құранда. «Егер адам өзгерсе, оның көршісі өзгереді. Одан кейін қоғам өзгереді. Бұл мәселеде әр адамның ойы, сана-сезімі өзгеруі маңызды» деген бас мүфти. «Егер біз өзгеруді өзімізден бастамайтын болсақ, дінге шақыру жолындағы еңбегіміз жемісті болмайды. Оның үстіне, Алла Тағаланың сөгісіне лайық боламыз. Құранда Алла Тағала өздерінің айтқандарын өздері амалға асырмайтын яхудилерді «Адамдарды жақсылыққа бұйырып, өздеріңді ұмытасыңдар ма?!» деп сөккен. Бүгінгі қоғамда әрбір мұсылман адамның көпке үлгі болуы өте маңызды,- деп қорытындылады Жолдас Қоспақұлы өз сөзін.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін