ҚҰРАНДЫ ЖАТҚА ОҚУШЫЛАР ЖАРЫСЫ ӨТТІ

Құран — Алланың сөзі, адамдарды ұлағатқа шақыратын ақиқи даналық. Әр мұсылман қасиетті Алланың сөзін жатқа оқуға талпынады. Қари атану қашанда мәртебелі дәреже саналады.
Науан хазірет мешітінде VII Республикалық Құранды жатқа және мәнерлеп оқушылар байқауының іріктеу сайыстары болып өтті. Бұл ғибраты мол байқауға жиырмадан астам жас Құран жаттаушылар қатысып, бақтарын сынады. Оларға мысырлық ұстаз Әбдурахман Әли бастаған қарилар әділ қазылық етті.
Қарилар байқауында кіріспе сөз сөйлеген облыс имамы Қуаныш Сәбит Алланың кәләм сөздерінен қастерлі ештеңе жоқ екенін айта келіп, сонымен бірге бүгін Құранды жатқа оқып, жарысқа түскен сайыскерлерге ақ жол тіледі.

Бұл күні жарыс қатысушылары 30, 20, 10 параны жатқа оқу және мәнелеп оқу аталымдары бойынша өзара жарысып, озық шыққандарын қомақты ақшалай марапат күтіп тұрған еді. Жүлде қоры 450 мың теңгені құрады.
Ал, әр аталым бойынша бас жүлдеге іліккендер республикалық байқауға жолдама алды.

Сонымен, Нұрлан Сейітманатов — 30, Айбек Өмірбек — 20, Ақжарқын Ажнуров — 10 параны жатқа оқуда және Тәкен Тұрдыақын мәнерлеп оқудан бас жүлделерді иеленіп, енді облыс намысын қорғайтын болады.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін