«Қызылжар-Құс» ЖШС құс фабрикасына «Халал» куәлігі табыс етілді

Жуырда облысымыздағы «Қызылжар-Құс» ЖШС құс фабрикасына  ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның «Халал» куәлігі табыс етілді.

Куәлікте Ақсу ауданы, Қызылжар ауылы «Қызылжар-Құс» Халал өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, тасымалдауға, сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына сай екендігін растайды деп жазылған.

«Сендерге: Өлексе, аққан қан, доңыз еті және Алладан басқаның атымен бауыздалған мал арам қылынды. Бірде буынып, ұрылып, құлап, сүзіліп өлген малдар және жыртқыш жеген мал арам. Бірақ (жаны шықпай) бауыздағандарың басқа. Және тігілген тасқа (пұтқа) арнап бауыздалған мал әрі оқтар арқылы талай сынауларың (бал ашуларың) да арам етілді» ( «Мәида» сүресі, 3- аят.)

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі осы аяттарға сүйене отырып, тауық етінің шариғи тұрғыдан адал екендігі туралы пәтуа шығарған еді.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін