Өкіл имам «Сарыағаш медресе-колледжінде»

Жамбыл облысының ҚМДБ бойынша өкілі Данияр Әлимұхаммедұлы және «Һибатулла Тарази» медресесінің ұстаздары «Сарыағаш медресе-колледжіне» іссапармен барып, аталмыш медресенің директоры А.Смановпен, ұстаздарымен және медресені бітіруші шәкірттерімен кездесіп қайтты.

Медресе директоры мәртебелі қонақтарды медресе-колледждің ерлер және қыздар бөлімінің тыныс-тіршілігімен таныстырды. Өкіл имам бастаған «Һибатулла Тарази» медресесінің бір топ ұстаздары жаңа ғимараттарды аралап, оқу ісі жоспары бағыты бойынша тәжірибе алмасты. Данияр қажы «Сарыағаш» медресе-колледжін биылғы жылы бітіретін түлектермен сұхбаттасып, алдағы сәттілік тіледі және қызмет бағытында қолдау көрсететін ізгі ниетін жеткізді.  

«Сарыағаш медресе-колледжі» жалпы 350 шәкіртке арналып салынған. Ескі ғимаратта 300-ге жуық шәкірт білім алуда. Жаңа медресе ғимараты заманауи стандартқа сай салынған. Іші толығымен дерлік жиһазбен жабдықталған. Шәкіттерге арналған жатақхана, асхана, қонақтарға арналған қонақ бөлмелері, арнайы жуынатын бөлмелері тағы бар. Бұл білім ордасы елімізде дін саласының  үздік мамандарын даярлап келе жатқан діни медреселердің бірі.  

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін