ҚМДБ баспасөз хатшыларына арналған республикалық семинар өтті (ФОТО)

Кеше, яғни қараша айының 24 күні Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ-ның өкілдіктеріндегі баспасөз хатшыларының басын қосқан республикалық семинар болып өтті. ҚМДБ Баспасөз бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлының бастамасымен өткізілген семинар жұмысына еліміздегі облыстық мешіттердегі қызметкерлер қатысып, тәжірибе жинақтап қайтты.

Семинарға қатысушыларға сәттілік тілеген Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы бүгінгі таңда мешіттердегі баспасөз қызметінің қаншалықты маңызды екенін ескертіп, жұмыла жұмыс істеуге шақырды. Діни басқарма тарапынан атқарылған ауқымды шаралардың БАҚ беттерінде насихатталуы, діни сайттар қызметі секілді тақырыптарда ой толғаған Ержан қажы Малғажыұлы өңірлердегі мешіттерде бірнеше міндетті қатар атқарып жүрген тілшілер қауымына өз алғысын білдірді.

Семинар аясында журналисттерге «Қазақстан» РТРК» Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Қайнар Олжай, Baq.kz порталы бас редакторының орынбасары Дәулетхан Жиенқұловтар арнайы дәріс сабақтарын өтіп, баяндама жасады. Журналистика мамандығының қыр-сырына қанықтыра түскен майталман журналисттердің дәрісі семинарға қатысушылар үшін қомақты азық болды. Сондай-ақ, Баспасөз бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы өткен бейнесабақтың да бергені мол болды.

© 2009-2017, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін