Бас мешіт қызметкерлері Бас мүфтидің алғыс хатын алды (фото)

27 желтоқсан «Әзірет Сұлтан» республикалық Бас мешітінде қорытынды жиналыс болып өтті. Мешіт қызметкерлерінің басын қосып өткізген бұл жиында жыл басынан бері жеткен жетістіктер сөз болды. Жиналыс басында «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз мешіт қызметкерлеріне насихат айтты. Сондай-ақ, биылғы жылдың басты жаңалығы «Әзірет Сұлтан» мешітіне республикалық бас мешіт мәртебесін беру туралы Бас мүфтидің бұйрығын оқып берді.

Бұл мәртебенің берілуі – үлкен жауапкершілік екенін ескертті. Осы уақытқа дейін жасалған жұмыстарға оң бағасын беріп, әлі де арттыра түсу керектігін баса айтты. Естеріңізге сала кетейік, «Әзірет Сұлтан» мешітінде ұзын саны 100-ге жуық қызметкер жұмыс істейді. Осы күшті пайдаланып, халыққа, елімізге аянбай қызмет етуге шақырды Бас имам Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.

Жиналыс соңында Бас мүфтидің атынан және Бас имамның атынан мешіт қызметкерлеріне алғыс хаттар берілді.

Жалпақ жұртқа жақсы таныс Серікбай қажы Ораздың «Тәпсір тұнығы» кітабының келесі саны таныстырылды. Бұл жолы 30 парадан тұратын Құран тәпсірінің 28-парасы жарық көрді. Сиясы кеппеген тәпсір кітабының бұл таныстырылымы да ерекше өтті. Алдыңғы бөлімдерінің таныстырылымы ғалым, зиялы кісілердің қатысуымен болса, бұл жолы мешіт ұжымының қатысуымен болды.

© 2009-2017, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін