МАҢҒЫСТАУ: Өкіл имам студент жастармен кездесті

Қазақстан мұслмандары діни басқармасы, Маңғыстау облысы өкіл имамы Смайыл қажы Сейтбековтың кезекті басқосуларының бірі студент жастармен болып өтті.

Өкіл имам өңірдегі білім ошағы Шахмардан Есенов атындағы мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетіне арнайы барып студент жастармен кездесті. «Ислам және отбасы» жылы аясында ұйымдастырылған игі шарада дініміздегі отбасының орны, ата-ананы құрметтеудің маңызы, отбасы құндылықтары айтылды. Бас имам: «Шынында бүгінгі таңда жеке адамның да, отбасылардың да өмірінде рухани түйткілдер шаш етектен. Күн санап көбейіп келе жатқан ажырасу актілері, ата-анаға құрметсіздік, баланың тәрбиеден жырақ қалуы сияқты түйткілдер қазіргі қоғамда жоқ дей алмаймыз» - деді. Шара соңында студенттер көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, өз ойларын ортаға салды.

Университет басшылығы келген қонаққа алғыстарын айтып, өз ризашылықтарын білдірді.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін