ОҚО: Рамазанға байланысты баспасөз мәслихаты өтті

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ОҚО бойынша өкілдігі исі мұсылман қауымы асыға күткен қасиетті Рамазан айының келуіне орай, баспасөз мәслихатын өткізді.

Баспасөз жиынына ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Бақтыбай Бейсенбаев және орталық мешіттің наиб имамдары Аділхан Сертаев, Мұхамеджан Естеміров және Иса Яхияев, Жансейіт Қалменов сынды наиб имамдар қатысты.

Баспасөз мәслихаты ОҚО бойынша Бас имам Бақтыбай Қыдырбайұлы Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының қасиетті Рамазан айына байланысты құттықтау сөзін жеткізуден бастады.

Мұнымен қатар, оразаның шарттары, қайырымдылық шараларын өткізу,  рухани іс-шаралар өткізу,  мешіттерде ауызашар рәсімдерінің жайы, пітір-садақасы мен айт намазының оқу уақыттары сынды т.б. мәселелер айтылды.

Жуырда ғана құрылған облыстың бас мешіті жанындағы ақылдастар алқасының облыс халқына арналған үндеуі жария етілді.

Баспасөз мәслихаты барысында БАҚ өкілдерінің өзге де сұрақтарға жауап берді.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін