Қайырымдылық жәрмеңкесі

Қасиетті Рамазан айы қарсаңында облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешіті мұқтаж жандарға қайырымдылық көмектер көрсетті.

ҚМДБ-ның әлеуметтік жағдайы төмен және көмекке мұқтаж жандарға, мүгедек балаларға, ардагерлерге қайырымдылық көмек көрсету туралы тапсырмасына сәйкес, Павлодар облысы өңіріндегі қала, аудан, ауыл мешіттерінен әркез қайырымдылық көмектер жасалып тұрады. Осы орайда, Облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешіті әртүрлі акциялар мен қайырымдылық іс-шаралары арқылы қасиетті айды қарсы алуда.

Биылғы қасиетті Рамазан айын мол сауаптармен, құрметпен қарсы алу мақсатында аталмыш мешіттің әйел жамағаттары, «Әйел-қыздар секторымен» бірлесіп жұма күні мешіт ауласына «Қайырымдылық жәрмеңкесін» ұйымдастыру арқылы ауыр сырқатқа ұшыраған қыз балаға 147 мың теңге көлемінде ақшалай жәрдем жасады. Сонымен қатар, көп балалы жалғыз басты, баспанасыз қалған анаға да ақшалай көмек көрсетіп, қайырымды азаматтардың жәрдемімен уақытша баспана тауып алуына ықпал етті.  

 

 

 

 

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін