Рамазанға байланысты баспасөз мәслихаты өтті

Бүгін ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы. Семей қаласы ақпараттық орталығында қасиетті рамазан айының келуіне орай баспасөз мәслихатын өткізді.

Баспасөз жиынына Семей Қос мұнаралы орталық мешіттің наиб имамы Баешов Бекзат Боранбайұлы қатысты.

Баспасөз мәслихатында бірінші сөз алған: өкіл имам Алтыбай Мақсат Қуанышұлы  Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының қасиетті Рамазан айына байланысты құттықтау сөзін жеткізуден бастады.

Өкіл имам Алтыбай Мақсат Қуанышұлы оразаға қатысты, қасиетті айда шаһарда атқарылар ауқымды іс-шаралар, қайырымдылық акциялар мен игі жобалар жайлы тілшілерге хабардар етті.

Кездесу соңында тілшілер тарапынан қойылған сұрақтарға Өкіл имам жан-жақты жауап қатты.

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін