Қарағанды 05:22 Таң
  • 05:22 Таң
  • 06:48 Күн
  • 13:18 Бесін
  • 17:39 Екінті
  • 19:38 Шам
  • 21:04 Құптан
  • Жәйрем
  • Қарағанды
  • Алматы
  • Астана
  • Аягөз
  • Ақтау
  • Ақсай
  • Ақтөбе
  • Арал
  • Арқалық
  • Атбасар
  • Атырау
  • Байқоңыр
  • Балқаш
  • Бейнеу
  • Екібастұз
  • Жаңаөзен
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Жаңатас
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Жетісай
  • Қазалы
  • Қапшағай
  • Қандыағаш
  • Қаратау
  • Қостанай
  • Көкшетау
  • Құлсары
  • Қызылорда
  • Мақат
  • Миялы
  • Орал
  • Өскемен
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарыағаш
  • Сарыөзек
  • Семей
  • Сәтбаев
  • Степногорск
  • Талдықорған
  • Тараз
  • Түркістан
  • Үшарал
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шалқар
  • Шардара
  • Шымкент
  • Радио
  • Кіру
Маямеров Ержан Малғажыұлы
1972 жылы 16 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1990 жылы Шығыс Қазақстан облысының Мақаншы ауылындағы Ғани Мұратбаев атындағы орта мектепті тәмамдаған; 1991-1992 жылдары Отан алдындағы әскери борышын өтеп келген соң, сол жылы Мысырдағы әлем мұсылмандарының әйгілі Әл-Азһар Ислам университетінің шариғат ...

Отбасы бақытына апаратын отыз жол: 9 - Өзара кешірімділік

Қазіргі таңда шаңырақ көтерген кейбір жас жұбайлардың екі жақтың бірінен пайда болған қателіктердің кесірінен ерлі-зайыптылардың өмірі қайсымыз жеңер екенбіз деп тартысқан соғыс майданына айналып жатады

Осының нәтижесінде, олар бірте-бірте өзара түсінісу қасиетін жоғалтады. Негізінде, ерлі-зайыптылардың шынайы махаббаты өзара жанашырлық сезімінде, бір-бірінің қателіктерін кешіруімен бейнеленеді. Белгілі бір жағдайлардың әсерінен адам орынсыз ашуланып қалуы және қате әрекет жасап қоюы мүмкін.

Дегенмен, мұсылманның жан дүниесі Раббысымен байланыста болғандықтан, тәубасына келіп, қателіктерін жақсы істермен жууға тырысады.

Алла Тағала айтқандай: «Расында, тақуалар өз бойларында шайтанның азғырып жатқандығын сезсе, Раббыларын еске алады да алдауға түсіп жатқандарын аңғара қояды» («Ағраф» сүресі, 201-аят).

Пайғамбарымыз (ﷺ) да былай деген: «Бүкіл адам баласы қателік жасайды, алайда қателік жасағандардың ең жақсылары тәубасына келетіндер»[1].

Егер отбасы мүшелерінің біреуі ашуланған болса, айналасындағы адамдар оның ашуын одан әрі қоздырудан сақтанулары қажет. Мұндай жағдайда әркім Алла Тағалаға сиынып, жағдайдың тынышталуына үлес қосулары керек. Дәрет алып намазға тұра қалса, ашуының басылуы жеңілге соғады. Пайғамбарымыз (ﷺ) былай деген: «Расында, ашу шайтаннан, ал шайтан оттан жаралған. От сумен ғана өшеді ғой, сондықтан кім ашуланса, дереу дәрет алсын»[2].

Ашуын баса қоятындар жайлы Алла Тағала Құран Кәрімде: «Олар шаттықта да қайғыда да қаражат-тарын жұмсайтындар, ызаларын баса қойып, адамдарды кешіре салатындар. Алла игілік қылушыларды жақсы көреді»,-деген. («Әли Ғимран» сүресі, 134-аят).

Екі жақтың бір-біріне кешірімді болғандары қандай жақсы амал. Расында, қателік әр адам баласына тән қасиет емес пе?! Раббысының кешірімін тілеген әркім өзі де өзгелерге кешірімді болуы қажет. Алла Тағала айтады: «...Олар ғапу (кешірсін) етсін және кешірімді болсын, әлде Алланың сендерді кешіруін ұнатпайсыңдар ма?» («Нұр» сүресі, 22-аят).

Кешірімді болу адамның дәрежесін кемітпейді, керісінше «Ұлық болсаң, кішік бол» дегендей кешіре білу адамның қадірін көтереді. Пайғамбарымыз (ﷺ) айтады: «...Құлдың кешірімді болғаны үшін, Алла Тағала оның айбындылығын арттырады. Кім Алла үшін сыпайылық білдірсе, Алла оның дәрежесін көтереді»[3].

Қателіктерінің кесірінен ерлі-зайыптылар бір-біріне жасаған жақсылықтарын ұмытуларына болмайды. Бұл жайында Алланың елшісі (ﷺ) былай дейді: «Мүмін ер мүмін әйелді жеккөруі мүмкін емес, егер оның бір қасиетін жақтырмай қалса, басқа қасиетіне риза болады»[4].

Бір жақ ашуланған болса, екінші жақ оған сөз қайтарып, кінә таққанша, неліктен ашуланғанын білуге тырысуы қажет, өз қамын құрбан етіп, оныкін артығырақ ойласа нұр үстіне нұр болар еді. Алла Тағала айтады: «..және олар басқалардың мүдделерін өздерінен артық көреді, тіпті өздері мұқтаж бола тұра. Кім жан дүниесіндегі сараңдықтан құтылса, солар табысқа жетушілер» («Хашр» сүресі, 9-аят).

Ерлі-зайыптылар бір-біріне айна секілді, олар бір-бірінің айыптарын сезімдерін жараламайтын даналық жолдармен түзейді. Пайғамбарымыз (ﷺ) осылай ететін, егер біреу қателік жасап қойған болса, оны ешкімге білдірместен: «Пәлен істі, түген істі істеп жүрген адамдардың жағдайы не болар екен?», - дейтін.

Айша (р.анһа.) анамыз пайғамбарымызбен (ﷺ) қатты сөзге келіп, араларына билік айтуға Әбу Бәкір (р.а.) келеді. Алланың елшісі (ﷺ) Айшаға (р.анһа.): «Сен сөйлейсің бе, әлде мен сөйлейін бе?», - дейді, ол: «Сен сөйле және шындықтан басқаны айтушы болма», - дейді, сонда Әбу Бәкір (р.а.) оған (р.анһа.) ұрысып жіберді. Әбу Бәкір оған: «Әй, өз жанына дұшпандық жасаушы, ол шындықтан басқаны айтушы ма еді?», - дейді. Айша(р.анһа.) пайғамбарымыздан (ﷺ) көмек сұрап, арқа жағына тығылады. Сонда пайғамбарымыз (ﷺ) Әбу Бәкірге (р.а.):«Негізінде, біз сені бұл үшін шақырмаған едік, сондай-ақ сенен мұны қаламадық»,-дейді[5].

Дайындаған: Берік Үйсінбаев
muftyat.kz

Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    07 желтоқсан 2016 жыл АЛМАТЫДА МӘУЛІТ КЕШІ ӨТЕДІ
    © 2009-2017, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика