Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ҚАСИЕТТІ ҚАДІР ТҮНІ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ «ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІНДЕ БАС МҮФТИ АТЫНАН АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ (ФОТО)
12 маусым, 2018 жыл 44 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұйымдастыруымен ҚМДБның төрағасы, Серікбай қажы Ораздың атынан жамағатқа ауызашар дастарханы жайылып, зиялы қауым өкілдеріне ауызашар берілді. Ауызашарда Қарағанды облысының өкіл имамы Өмірзақ Бекқожа мырза келген жамағатқа құттықтау сөзін сөйлеп, уағыз насихат айтып, Бас мүфтидің ыстық сәлемін жеткізді. Қасиетті түні жайылған ауызашар дастарханында БАҚ өкілдері, зиялы қауым, ақын - жазушылар, спортшылар және қаламыздың белгілі азаматтары шақырылды. Ауызашар соңында қари Құран оқып, жамағат ел мен жердің амандығын тілеп дұға жасады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары