Ақжайық төрінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың атынан ауызашар рәсімі өтті. Ауызашар дастарханына ел ағалары, облыстық, қалалық ардагерлер, жазушылар мен журналистер, ардагер ғалым ұстаздар, қажы аталарымыз қатысты.
Алдымен Орал орталық мешітінің бас имамы Еркебұлан Ыбырыайымұлы сөз алып, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазретіміздің ыстық сәлемін жеткізіп, ұлық аймен жиналғанды құттықтап, «Рамазан, ораза» тақырыбында уағыз айтты.
«Қазіргі уақытта мешітте ауызашар беру дәстүрге айналған. Сол дәстүрді ұстанып, мешіт қабырғасында биыл да ауызашар дастарханын жайып, ас беріп жатырмыз. Бұл мешітте 250-300 адам ауыз ашып кетіп жатыр. Осындай ауызашар дастарханын жайып жатқан ел ағаларына, кәсіпкер бауырларымызға Алла разы болып, отбасы амандығын, еңбегінің жемісін нәсіп етсін»,-деп дұға жасады.
Келген қонақтарға дінбасымыздың атынан арнайы сыйлықтар беріліп, орталық мешітінің жанындағы «Ақсақалдар» алқасының орынбасары Ғұмар Құрақов ақбатасын берді.
Пікірлер