Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
АТЫРАУ ХАЛҚЫ ҚАДІР ТҮНІН ЕРЕКШЕ АТАДЫ (ФОТО)
14 маусым, 2018 жыл 49 Басып шығару нұсқасы

Қадір түні - мың айдан қайырлы болған ұлы кеш. Атырау өңірі осынау сауапты да, қасиетті Қадір түнін жылдағыдан ерекше атады. ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен "Иманғали" орталық мешіті Қадір түнін халықпен біргекең көлемді рухани шаралармен өткізді. Алдымен 700-ден астам жамағатқа мешіт ауласындағы қаз-қатар тігілген киіз үйлерде ауызашар дастарханын жайды.

Ерекше кешті құлшылықпен өткізуге жиналған халықты Қадір түнімен құттықтаған Атырау өңірінің өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров бұл кештің қасиеті жайында əсерлі уағыз-насихат жүргізді. Дәл осы күні жастар арасында өткізілген Құранды жатқа және мәнерлеп оқу бойынша сайыс жеңімпаздарын көпшілік алдында арнайы сый-сияпатпен марапаттады. Мұнымен қоса бас имам Батыржан Берденұлы тарауих намазында хатым еткен түркиялық қари Чордук Садыкқа да жамағаттың және өз атынан ризашылығын білдіріп, қазақы дәстүрдің аясында қаридың иығына шапан жапты. 

Жергілікті Аtyrau телеарнасы "Иманғали" орталық мешітіндегі Қадір түнін тікелей эфир арқылы жүргізіп, имамдардың уағыз-насихаты мен игілікті шараларды өз көрермендеріне дер уағында көрсете білді. 

Сонымен қатар, мешіт имамдары уағыз-насихат арасында сұрақ-жауап сайысын өткізіп, білімді жамағаттарға сыйлықтар табыстады. Мешітке жаңа келген жамағаттарға Ханафи мәзһабымен намаз оқудың үлгісі де көрсетіліп, жат ағымның әрекетінен абай болу жағы да ескеріліп отырды. 

Алла үйіне келген толассыз жамағаттарға еркін құлшылық жасау мүмкіншілігі де берілді. Халық дұғаларын жасап, нәпіл намаздарын оқыды. Құлшылықпен қадір түнін қадірлеп өткізген жамағатқа "Иманғали" орталық мешіті 1000 кісіге арнап сəресі дастарханын жайды.

Мұндай рухани-тəлімдік шара əйел жамағаттары арасында да жоғары деңгейде жалғасты. Бір сөзбен айтқанда, Атырау аймағының жамағаттары бұл түнді есте қаларлықтай құлшыныспен өткізді деуге әбден боларлық. Халық осындай қасиетті Қадір түнін жоғары деңгейде өткізуге қызмет еткен имамдарға ризашылығын білдіріп, таң рауандай бере тарқасып жатты.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары