Қарағанды 23:14 Құптан
  • 03:04 Таң
  • 04:54 Күн
  • 13:14 Бесін
  • 18:48 Екінті
  • 21:24 Шам
  • 23:14 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • ҚазРус
  • Радио
  • Кіру
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1972 жылы 16 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1990 жылы Шығыс Қазақстан облысының Мақаншы ауылындағы Ғани Мұратбаев атындағы орта мектепті тәмамдаған; 1991-1992 жылдары Отан алдындағы әскери борышын өтеп келген соң, сол жылы Мысырдағы әлем мұсылмандарының әйгілі Әл-Азһар Ислам университетінің шариғат ...

АҚТӨБЕ: Қадір түні «Нұр Ғасырда» 2500 жамағатқа сәресі берілді

Бас мешітте ақтөбелік қари хатым түсірді

Жыл он екі айдың төресі - Рамазан айымен қоштасар сәт те таяды. Маусымның 11-інен 12-не қараған түні барлық мұсылман жамағаты қасиетті Қадір түнін қарсы алды. Ақтөбенің 10 мешітінде Құрани Кәрім толық хатым етіліп, Хатым дұғасы жасалды.

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітіне жиылған жамағатқа өкіл имам Төлеби Оспан тарауих алдында тұшымды уағыз айтты. Мұсылманның Рамазаннан кейінгі хал-ахуалын тілге тиек етті. Ораза кезінде өсек-өтіріктен тыйылып, көркем мінезге, сабырлыққа бойды үйреткен аузы берік жанның әдебін сақтап қалу, жақсы амалдарды жалғастыру жайы сөз етілді. Насихат жамағатқа терең ой салды. Сондай-ақ, Қадір түнінің қасиеті айтылып, бұл түн жайлы толық мағлұмат қамтылған бүктемелер таратылды.

Биыл «Нұр Ғасыр» мешітіндегі тарауих намазын Ақтөбенің тумасы Бекжан қари Әлденов жүргізді. Өкіл имам Төлеби Оспан Бекжан Амангелдіұлына барша жамағат атынан алғыс айтып, арнайы Алғыс хат табыстады. Қазақы дәстүрмен иығына шапан жабылып, сый-сияпат ұсынылды. Сол күнгі жамағат намазына қаридің әкесі Амангелді ағамыз да қатысты. Өкіл имам қарияға құрмет көрсетіп, салтанатпен шапан жапты. Ұлының үстем мерейі үшін әкенің асқақтаған абыройы, ислам үшін жасалған игі қызмет барша жамағатқа үлгі болғандай көрінді.

Бекжан қари – бүгінде Мысыр Араб Республикасындағы Тілдерді зерттеу институтының магистранты. Ол араб тілі бойынша ғылыми білімін жетілдіріп қана қоймай, Құраннан иджазаға тапсыруда. Өкіл имам қаридің оқуына сәттілік тілей отырып, Алла ілімін арттырсын, көкейіне қонған Құраны екі дүниеде де шапағатшы болсын деген ізгі тілегін жеткізді.

Тарауихтан қалмағандарға - тарту

Сергіту сәтінде жамағатқа шариғи сұрақтар қойылды. Жауап бергендерге Құран кітаптары табысталып, басқа да сыйлықтар таратылды. Сондай-ақ, Рамазан бойына тарауих намаздарына үзбей қатысқан қариялар мен бірқатар бауырларға ынталандыру сыйлықтары үлестірілді.

Жамағат мешіттен сәресін ішті

Биыл да облыстың бас мешітінде сәресі дастарханы жайылды. 5 қазақы киіз үй құрылып, 5 қазан ас әзірленді. Асқа дәмі тіл үйірер өзбек палауы тартылды. Бұдан бөлек мешіт асханасында да 150 адамға дәм ұсынылды. Сонымен қатар, арнайы контейнерлермен дәм таратылып, жалпы 2500-ге жуық жамағат Алла үйінде ауыз бекітті.

Сәресі дастарханын жаюға жергілікті кәсіпкер азаматтар атсалысты. Соның ішінде, Әнуар Сәбитұлы, Рүстем Амангелдіұлы, Жарасқан Әбдісаламов жолдастарымен, Нұржан Талапұлы және Бауыржан есімді бауырларымыз қаржылай көмек берді. Жамағатқа ас тарату, дастархан жаюға мешіттің сауат ашу курсы шәкірттерімен бірге ерікті жастар да жұмылдырылды. Әр киіз үйге жауаптылар бекітіліп, жастар жанын салып қызмет етті.

 

Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    © 2009-2018, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика