Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Алматы қаласы  «Әйел-қыздар» секторы «Қадір түнін» атап өтті
14 маусым, 2018 жыл 41 Басып шығару нұсқасы

Алматы қаласы «Төле би» мешітінің Бас имамы Сейтбек Әбдірахымұлының қолдауымен және «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен “Қадір түнінің касиеті” атты шара өтті.

Рухани кештің басты мақсаты - жиналған әйел жамағатына, уағыз-насихат әрі рухани көріністермен, сонымен қатар діни сұрақ-жауап ойындары арқылы Қадір түнінің қадір-қасиеті, мән-мағынасы мен қадір түнін қалай өткізу сынды жолдарын түсіндіру.

Аталған іс-шараның нәтижесінде айлардың сұлтаны – Рамазан болса, күндердің сұлтаны - мың айдан да қайырлы әрі касиетті Құран түскен - Қадір түні екенін жиналған жамағат жақсы ұғынды. Іс-шараға намаз оқушы әйел жамағатымен қоса намазға енді бет бұрған әпке-сіңілдері де келіп қатысты.

Шара барысында жиналған жамағатпен өзара кішігірім Құран жарысы ұйымдастырылды. Жарысқа жас шамасы 6 жас пен 60 жас аралығындағы көрермендер қатысып, арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Құран жарысының нәтижесі - жиналған көпшілікке қатты ұнап, Құранға деген ықыластары ашылып, мешітіміздегі «Діни сауат ашу» курстарына жазылып та үлгерді.

Сонымен қатар, Рамазан айында бауырмашыл әрі мұсылман адамның бір-біріне әрдайым дұғада болуының маңыздылығын баяндау мақсатында, «Тату көршілер», «Рамазан айындағы ораза ұстаған отбасы» сынды тақырыпта көріністер көрсетілді.

Шара соңында келген қонақтарға ауыз ашар сыйлықтары үлестіріліп, көпті көрген қазыналы қарт-әжелер ақ батасын берді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары