Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
БАС МҮФТИ АСТАНАДА АЙТ НАМАЗЫН ЖҮРГІЗДІ (ФОТО)
15 маусым, 2018 жыл 100 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз «Әзірет Сұлтан» мешітіне жиналған жамағатты Ораза айт мерекесімен құттықтап, айт намазын жүргізді.

«Қадірменді жамағат! Баршаңызды мұсылман қауымының ұлық мейрамы – Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын. Отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға береке тілеймін. Рамазан айында жасаған дұға-тілектеріңіз қабыл болғай! Бүгін отбасымызды, ағайын-жұртты, бауырлар мен көршілерді айтпен құттықтап, қуаныш сезімге бөленетін сәт. Ораза айт құтты-берекелі болсын!» – деді Серікбай қажы Ораз.

Айт намазын жүргізген Бас мүфти:

«Алла Тағала дертке ұшыраған пенделерге шипа, жолда жүрген жолаушыларға оң сапар, мұқтаж мүміндердің мұңын сейілтіп, жар болғай! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз баянды, халқымыздың бірлігі мен берекесі арта бергей!» – деп дұға жасады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары