Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
АТЫРАУДА ОРАЗА АЙТ МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ КҮЙДЕ ЖАЛҒАСТЫ
15 маусым, 2018 жыл 205 Басып шығару нұсқасы

Атырау жұртшылығы Ораза айт мерекесін жоғары деңгейде атап, есте қаларлықтай мерекелік көңіл күйде өткізді. Қасиетті оразадан кейін келген Айт намазына орталық «Иманғали» мешітіне он мыңнан аса жамағат жиналды.

Жиналған жұртшылықты  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, Атырау облысының бас имамы Батыржан Мансұров құттықтап, қасиетті Рамазан айында ізгі істерге ұйытқы болған барша жамағатқа алғыс айтты.

«Қасиетті Рамазан айының аяқталғанын білдіретін Ораза айт – мейірімділіктің, игіліктің, бірліктің, ізеттіліктің, қайырымдылықтың мерекесі. Бұл мейрам барша халықты ізгілікке ұйытады. Еліміздің мұсылман қауымы қасиетті Рамазанда ауыз бекітіп, шарапаты мол айда жасалған ізгі іс-шараларымызға атсалысты. Мешіттерімізде ауызашарлар мен қайырымдылық акциялар өтті. Әлеуметтік қолдауды қажет ететін тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына көмек көрсетілді», - деп атап өтті бас имам Батыржан Берденұлы.

Ұлық мереке құрметіне мешіт ұжымының ұйымдастыруымен аулада құрылған киіз үйлерде айттық дастарxан жайылып, жиылған жұртқа қызмет көрсетілді. Сондай-ақ ақжаулықты аналар үшін "Иманғали" орталық мешіті атынан "Рамазан орамалы" сыйға таратылды. Жұртшылық үшін ұйымдастырылған спорттық ойындар шара мазмұнын арттыра түсті. Жамағат халқымыздың ұлттық ойындары – кір тасын көтеру,  қазақша күрес, қол күресі сынды спорт түрлері бойынша өзара күш сынасты. Әрбір сайыстың жеңімпаз қатысушыларына қой малы және ақшалай сыйлықтар тарту етілді. Өнер сүйер қауым үшін күй тартыс ұйымдастырылды.

Мешіт қызметкерлері бүлдіршіндер үшін тегін ойын алаңдарын құрып, сәбилерге 1100 балмұздақ үлестірілді. Жергілікті уақытпен таңғы сағат 7.00-де басталған Ораза Айт мерекесі көпшіліктің есінде мазмұндылығымен сақталары сөзсіз.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары