Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
«Рамазан қайырымдылық айы, кешірім айы!» атты қайырымдылық шарасы
16 маусым, 2018 жыл 323 Басып шығару нұсқасы

Түркістан қалалық «Мәдениет» үйінде «Мағзаман» мешітінің имамы Қоңыртай Хамидулланың және жамағаттарының ұйымдастыруымен Ораза айының құрметіне, сауабын бір Алла Тағаладан сұрап «Рамазан қайырымдылық айы, кешірім айы!» тақырыбында Рухани жаңғыру аясында «Аялы алақан» қайырымдылық акциясы болып өтті.

Шараға Түркістан қаласының бас имамы Омар қажы Елеуұлы және мешіт имам-молдалары, қызметкерлер, жамағаттар, «Тілдерді дамыту және мәдениет» бөлімі басшылығы, қалалық Ішкі істер бөлімдерінің қызметкерлері, қалалық Білім бөлімінің мамандары, «Мәдениет» үйінің қызметкерлері және т.б. азаматтар қатысты.

Қайырымдылық шарасы барысында «Мәдениет» үйі қызметкерлері «Рухани жаңғыру» аясында барша қатысушыларға ән-жырлармен термелерден шашу арнасы, арнайы «Рамазан құтты болсын!» атты видео ролик көрсетілді. Ары қарай «Тілдерді дамыту және мәдениет» бөлімінің басшысы Жанболат мырза Амангелдіұлы осындай шараға мұрындық болған барша азаматтарға қала әкімінің атынан және өз атынан ризашылығын жеткізіп, арнайы қала әкімі Тәжібек Мұсаевтың «Алғыс хатымен» бас имам Омар қажы Елеуұлын, «Мағзаман» мешітінің имамы Қоңыртай Хамидулланы және орталық «Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінің баспасөз жетекшісі Мұстафа Қалжанұлына табыстады. Түркістан қаласы орталық «Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінің бас имам Омар қажы Елеуұлы «Қайырымдылық, мейірімділік, Рамазан айының шарапаты» атты уағызбен көпшілікті сусындатып, Алла Тағала сауаптан жазсын деп дұға етті.

Қайырымдылық акциясы барысында жетім, жартылай жетім, тұрмысы төмен отбасылардан және шартты жазасын өтеуші азаматтардың отбасыларынан шыққан 100 оқушыларға мектеп формалары табысталды. Атап айтар болсақ: ақ көйлек, аяқ киім, шалбар, костюм, қыздарға юпка, сумка т.б. заттай көмек берілді. Жалпы суммасы – 1000 000 теңгеден астам ақшаның көмегі берілді.

Шараны облыстық, қалалық БАҚ өкілдері түсіріп, арнайы хабар таратты. Атап айтар болсақ: «Оңтүстік Қазақстан» телеарнасы, қалалық «Тұран-Түркістан» телеарнасы, «Түркістан» газеті тілшілері қатысты. БАҚ өкілдеріне бас имам Омар қажы Елеуұлы мен «Мағзаман» мешітінің имамы Қоңыртай Хамидулла арнайы сұхбат берді.

Шара соңында «Мағзаман» мешітінің имамы Қоңыртай Хамидулла барша үлескер болған, демеушілік еткен қолы жомарт азаматтарға өз атынан, барша жамағаттар атынан шексіз ризашылығы мен алғысын айтып, Алла Тағаладан отбасыларына амандық, кәсіптеріне береке тілеп, дұға етті.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары