Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ОҚО: "Айтбай ата" мешітінде қайырымдылық жасалды
16 маусым, 2018 жыл 172 Басып шығару нұсқасы

Әлеуметтік жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі және асыраушысы жоқ жандардың аз да болса көңілін көтеріп, оларға көмек қолын созу мақсатында қасиетті рамазан айының соңғы күні Шымкент қаласы, Абай ауданы "Айтбай ата" мешітінің ұйымдастыруыменен "Қайырымдылық жасасаң - қайырымын өзің көресің" атты қайырымдылық шарасы өтті. Жалпы жағдайы төмен 50 отбасыға көмек берілді. Берілген заттарды айта кетсек, 1 қап ұн, 5 л май, күріш, макарон, ұсақ-түйек азық-түліктер, асханаға керекті ыдысаяқтар және орта көлемдегі кілем төсеніштер болды. Осындай сауапты да, қадірлі іске демеушілік еткен Саухан Жүсіпбеков ағамызға Алла разы болсын. Алла Тағалам ол кісіге екі дүниенің жақсылығын берсін. Және де өте жоғары деңгейде ұйымдастырған мешіт қызметкерлеріне де Аллам сауаптан жазсын.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары