ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстанның орталығын Түркістанға ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойды.
Мемлекет басшысы Жарлыққа қол қою рәсімі кезінде Астана және Алматымен қатар Шымкенттің тұрғындар саны 1 миллионнан адамнан асатын қазақстандық қалалар қатарына кіргенін айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев жаңа құрылған Түркістан облысы жаңа әкімшілік міндеттерді сапалы іске асыруға қажетті мүмкіндіктердің барлығына ие екенін айтты.
Президент сонымен қатар, жаңа шешімнің тарихи маңызына да тоқталды.
Мемлекет басшысы Шымкенттің республикалық мәртебе иеленуі оның әрі қарай дамуына жағдай жасап, қалаға жаңа да айрықша мүмкіндіктер ашатынына сенімді екенін айтты.
Қол қою рәсімі соңында Мемлекет басшысы Президент әкімшілігіне, Үкіметке және облыс әкімдігіне Жарлықты сапалы әрі жедел іске асыру және жергілікті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тұрақты әрі тиімді жұмысын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Пікірлер